blog

Армандар орындалады

Жыл сайын қазан айының екінші сенбісінде Дүниежүзілік хоспистік және паллиативтік көмек күні (World Hospice and Palliative Care day) атап өтіледі. Қазақстан жастары Конгресі жанындағы «Menin Armanym» корпоративтік қоры емделмейтін аурулары бар балалардың тілектерін орындайды, осылайша шексіз медициналық рәсімдердің ауыр процесінде кішкентай кейіпкерлердің өмірлік тонусын көтеруге рухани қолдау және паллиативтік көмек көрсетеді. 

Кішкентай Ахмад 3 жаста, ол церебральды сал ауруына шалдығады. Ахмадтың арманы футбол матчына қатысып, өзі де футбол ойнау болды. Кішкентай кейіпкердің арманын орындау үшін Қор өз жасындағы балалармен және еріктілермен шағын футбол матчын ұйымдастырды. Сондай-ақ Ахмад футболистермен кездесті, ойыншылардың шешінетін бөлмесінде болды, оған жеке футболка берілді. Бірақ Ахмад үшін ең үлкен тосынсый мен қуаныш оны матчтың ресми ашылуына шақыру болды. Бұл күні кішкентай кейіпкер бақыттан жарқырап, футбол ойнады, трибунаның алғашқы қатарынан қарап, жанкүйерлерді көрді. 

Кішкентай Фаиза ханшайым болуды және ойын - сауық орталығында ойнауды армандады. Арманды орындау үшін Қор қыздың сүйікті кейіпкері София ханшайымның костюмінде аниматорларды ұйымдастырды. Онда олар бірге ойнап, сурет салып, бірге көңілді болды. Іс-шара соңында қызға ұйымдастырушылар мен серіктестерден атаулы мүсіншелер мен гүлдер табыс етілді. Әрі қарай, кішкентай кейіпкерге дәмді түскі ас берілді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қор балалардың пәтерлерде, ауруханаларда, мамандандырылған мекемелерде өткізетін көңілсіз күндерін әртараптандыруға және олардың өміріне кішкене қуаныш пен бақыт әкелуге тырысады. 

«Қазақстанда он мыңдаған ауыр науқастан емделмейтін балалар бар. Ауру олардың өміріне санаулы жыл, тіпті айлар ғана қалдырды. Қайырымдылық жобасының идеясы осындай балалардың армандары міндетті түрде олардың көзі тірісінде орындалуы болып табылады. Біздің Қор сыйлықтар бермейді және емделуге қаражат жинамайды. Біз ауыр дертке шалдыққан балалардың армандарын жүзеге асырамыз», - дейді Қордың атқарушы директоры Шамиль Ванкеев. 

Қор денсаулығының ауыр жағдайы және емделмейтін ауруы бар 70-ке жуық баланың арманын орындады. Жобаны 100-ден астам қайырымдылық жасаушылар қолдап, бүкіл Қазақстан бойынша 40 мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарыда көмек көрсетті. Өтінімдер бүкіл Қазақстаннан корпоративтік сайтқа келіп түседі. Қордың «Мейірімге толы тасқын бол» ұраны (мейірімділікке толы бол) адамдарды ауыр сырқаты бар көптеген 

балаларға және олардың ата-аналарына ары қарай жаңа оң қуатпен күресуге ынталандырады. Өйткені, ауыр науқас адам көмек пен қолдаусыз қалмауы керек,» - дейді шараны ұйымдастырушылар.