blog

Серіктестік меморандумы

Бүгін Қазақстан жастарының Конгресі жанындағы "Есірткісіз болашақ" Корпоративтік Қоры мен Қазақстанның нашақорлықтың алдын алу жөніндегі "Есірткісіз ұлт" қауымдастығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 

Құжатқа "Есірткісіз болашақ" КҚ атқарушы директоры Жандос Ақтаев және Қазақстанның нашақорлықтың алдын алу жөніндегі "Есірткісіз ұлт" қауымдастығының төрағасы Әсия Шакаева қол қойды. 

Меморандумның мақсаты нашақорлықтың алдын алу саласына жәрдемдесу, нашақорлықтың таралуына қарсы іс-қимылға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру, жастарға құқықтық ағарту, құқықтық ақпараттандыру және құқықтық консультация беру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау түрінде тегін көмек көрсету, сондай-ақ Қазақстанда бұқаралық спорт түрлері мен шығармашылықты танымал ету және дамыту болып табылады. 

"Осы құжатқа қол қою арқылы біз осы қасіретпен үйлесімді күресу үшін мүмкіндігінше көп ұйымды біріктіруге алғашқы қадам жасаймыз! Мен "Есірткісіз Ұлт" қауымдастығына бірінші болып қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын !"- деді атқарушы директор Жандос Ақтаев.