blog

Музыка емдейді

Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларды музыка арқылы емдейді. 

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында "Asyl auen" әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті. 

Музыкалық терапия көмегімен дәрігерлер, музыканттар мен психологтар дамуында ауытқулары бар балаларға түзету көмегін көрсетеді. 

Жоба ұйымдастырушылары әр түрлі музыкалық аспаптарда жанды орындау арқылы баланың эмоционалды сферасының дамуына, эмоционалды тепе - теңдікті қалпына келтіруге, жүйке кернеуін жеңілдетуге, өзін-өзі бағалауды жағымды қалыптастыруға сондай-ақ музыканы дұрыс зейінмен қабылдауымен қызығушылықтың тұрақтылығына оң әсер етуге болады дейді. 

«"Asyl auen" әлеуметтік жобасы "ерекше" балалармен жұмыс істеуге бағытталған. Біздің мақсатымыз-музыкалық терапия арқылы эмоциялық-еріктік саланы түзету, көру және есту қабілетін дамыту арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуі мен мамандануы үшін жағдай жасау. Музыка баланың жағымды эмоцияларын тудырады, психосоматикалық және психоэмоционалды процестерге терапиялық әсер етеді. Музыкалық терапия көмегімен біз балалардың музыкалық қабілеттерін, әншілік дағдыларын дамытып, қазақ классикалық музыкасына деген сүйіспеншілігін дамытқымыз келеді", - деді Қазақстан Жастар Конгресінің жобалық менеджері Мерхат Жылқыбаев. 

Жоба 3 кезеңде өткізілетін болады: дайындық кезеңі - балалардың қызығушылықтарын және олардың музыкалық даму деңгейін анықтау(диагностика, баламен әңгімелесу), оңалту іс - шараларының жоспарын жасау, балалармен жұмыс істеудің жекелеген нысандары мен әдістерін әзірлеу. Ал негізгі кезеңде - музыканы қабылдауды, вокал терапиясын, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауды, ритмопластиканы қамтитын жобаны орта деңгейде іске асыру көзделген. 3-ші талдамалық кезеңде балалардың музыкалық және қозғалыс дағдыларын қалыптастыру серпіні, сондай-ақ ұсынымдар мен түзетулер қадағаланатын музыкалық іс-әрекет нәтижелерінің мониторингі қадағаланды. 

Ұйымдастырушылар эмоционалды сала арқылы психологиялық және физикалық әл-ауқаттың жақсаруына қол жеткізуге болатынына сенімді. 

Бұл жобаны "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" Жастар қанатымен, "Biz Birgemiz" ҚБ және Қазақстан Жастар конгресімен бірлесіп іске асыруда. Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ және Қазақ ұлттық өнер университеті серіктес болып табылады.