blog

«Esirtkisiz FEST» жастар фестивалі

Нұр-сұлтан қаласындағы Экспо паркингінде «Esirtkisiz FEST» жастар фестивалі өтті. Фестиваль ұйымдастырушылары Қазақстан Жастар Конгресі жанындағы «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры. 

«Біз студент, сондай - ақ жұмысшы жастардың назарын аудара алдық. Мен мұны маңызды жетістік деп санаймын, өйткені осындай іс-шараларда барлығын біріктіре отырып, белсенді өмір салтын, қолайсыз ортада болып жатқан оқиғаларға күшті балама ретінде ілгерілетеміз. Осындай іс-шараларды барынша көп өткізе отырып, біз жастарды маргиналданудан қорғап, ойын-сауықтың басқа да жолдарын көрсете аламыз! Біз шеңберден тыс қалай ойлауға болатындығын көрсету үшін осындай ерекше форматты таңдадық», - деді «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының басшысы Жандос Ақтаев. Фестиваль бағдарламасында - кинологтардың шоулары, тимбилдинг, фестиваль қонақтары арасында би батлдары бойынша конкурстар және «#Esirtkisiz» челленджі, сондай-ақ танымал көшелік рок және поп орындаушылардың қатысуымен концерт өтті. Фестиваль «Nur Otan» партиясының «Бірлік» филиалымен, Нұр-сұлтан қаласының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі басқармасымен, сондай-ақ Тұран-Астана университетінің қолдауымен, бас демеушілер SF, Turan Water, «Жара», «Романовский продукт», «Nomad Wearing» жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің қолдауымен өтті.