Алматыда «Menin Armanym» Қорының мерейтойына орай қайырымдылық кешкі-гала ас шарасы өтті.
Іс-шара барысында Қор Дияр, Толғанай және Әсел атты балалардың арманын орындады .
Дияр құмыраларды жасап, көрме өткізуді армандаған.Осы орайда оның құрметіне арнайы «Armanshyl» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оның «Dalacrafts» студиясымен бірлесіп жасаған жұмыстары мен балалардың суреттері ұсынылды.
Ал Толғанайдың арманы-сахнада ән айту және Жансерік Қадырбаевпен кездесу. Оның арманы орындалды. Ол әнші Тұрар Ыдырыспен бірге ән жазып, кешкі аста бірге өнер көрсетті, сондай-ақ сүйікті блогер Жансерік Қадырбаевпен әңгімелесті.
Әсел дизайнер болуды және көрсетілім өткізуді армандады. Қайырымдылық кешіне Әселдің өзінің арнайы эскиздері бойынша 7 көйлек тігіліп, «Velada Models» агенттігінің үлгілерімен көрсетілім ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында аукцион өтті, онда 15 лот ойналды. Онда балалардың суреттері, Дияр құмыралары, қол қойылған футболка және «Kairat» футбол командасының добы, сондай-ақ Роберт Левандовскийдің қол қойылған футболкасы ұсынылды.
Қазақстан Жастар Конгресі жанындағы «Menin Armanym» корпоративтік қоры емделмейтін аурулары бар балалардың тілектерін орындайды. Бүгінде Қор 80-нен астам баланың арманын орындады.