blog

Елордадағы нашақыққа қарсы рейд

 2022 жылдың 06 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында үйлер мен инфрақұрылымдық объектілердің қасбеттерінде есірткі заттарының жарнамасын бояу бойынша рейд ұйымдастырылды. Рейд Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының шағын грантын іске асыру аясында "Есірткісіз болашақ" қоры жанындағы "Esirtkisiz" қозғалысының елордалық штабымен ұйымдастырылды. Грант аясында осындай рейдтер апта сайын өткізіледі, жастар арасында онлайн сауалнама жүргізіліп, есірткі заттарын сату бойынша интернет-ресурстарды бұғаттау, сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс мақсатында жастармен жүйелі кездесулер өткізіледі. "Есірткісіз болашақ" корпоративтік қоры профилактикалық істер кешенің құзырлы мемлекеттік органдармен біріге отырып атқаруда.

"Қазіргі уақытта" Esirtkisiz " қозғалысының елордалық штабы жақсы қолдау алуда! Штаб сарбаздарына рейдтер өткізу үшін экипировка мен аэрозольді-бояу тапсырылды, мұның барлығы елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының және "Қазақстанның болашағы үшін" қозғалысының шағын гранты есебінен жасалуда, біз оларға осындай қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз!"- деді "Есірткісіз болашақ" корпоративтік қоры жанындағы "Esirtkisiz" қозғалысының елордалық штабының басшысы Абді Шерхан.

"Esirtkisiz" қозғалысының елордалық штабының мәліметінше, қалада күн сайын жаңа наркографителер пайда болады, олар тыйым салынған заттар дүкендерін жарнамалап қана қоймай, жастарды есірткі сатуға да тартады.