🇰🇿Қазақстан жастарының конгресі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауы бойынша белсенді жастармен кездесулер өткізуде.

👫Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осы орайда, жастар арасында жаңа жобалар құру мен креативті идеялар алу мақсатында, Қазақстан жастарының конгресі белсенді жастармен кездесулер өткізеді.

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Астана медициналық университетінде дөңгелек үстел өттті. Алғы сөзбен Қазақстан жастарының конгресі жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының басшысы – Ерғазы Әзімханұлы кездесудің маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға түсінік береді.

👩🏻‍⚕️АМУ-де «Хабар» арнасының жас тілшісі Бекболат Арыстанбеков және әлеуметтік кәсіпкер – Эмин Аскеров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауына қатысты өз пікірімен студенттермен бөлісті.

Меню