ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі» онлайн білім беру жобасының ONLINE BILIM алаңының қарқынды апталығы аяқталды.

Екінші ауысымға 300-ден астам адам қатысып, үздік спикерлерден:
— саналы кәсіпкерлік
— бизнес жобаларды құрудың заманауи әдістері
— әлеуметтік кәсіпкерлік
— жастар кәсіпкерлігі
— экономиканың дамуындағы кәсіпкерліктің рөлі
— бизнесті инвестициясыз іске қосу тақырыптар бойынша білім алды.

Бизнес-процестерді түсіну, қаржылық жоспарлау және маркетинг – бұл бизнесті ашудың бірінші кезеңінде қажет қатысушылардың пікірі бойынша қажетті білім. Сондай – ақ, қатысушылар жастар кәсіпкерлігі бойынша оқуды аяқтаудың негізгі факторларын атап өтті-бұл өзіне деген сенімділік және мотивация, тәжірибе мен білімнің болуы.
Келесі апта ONLINE BILIM «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша өтеді.