«Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі» ҚР АҚДМ онлайн білім беру жобасының ONLINE BILIM алаңының қарқынды апталығы аяқталды.

Үшінші ауысымға 300-ден астам адам қатысып, үздік спикерлерден келесі тақырыптар бойынша білім алды:
— Жасанды интеллекті әзірлеуде сұранысқа ие IT-мамандар
— Жаңа сұранысқа ие IT-мамандықтар
— IT-стартаптың алғашқы импульсі
— IT-жобаларға инвестициялау
— Қазіргі әлемдегі мансап және жаңа болашақ мамандықтар.

Жастар құжаттық ақпаратты жинау, тіркеу, сақтау, жинақтау, іздеу, өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жүйесі туралы толығырақ білді.

Келесі апта ONLINE BILIM «Еріктілер қызметі», «Тұлғалық даму» бағыттары бойынша өтеді.