2020 жылғы 4 желтоқсанда, «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» атты «Zeren» республикалық жастар білім беру жобасы аясында Қазақстан жастарын жұмыспен қамту туралы талқылау өтті.

Диалог алаңына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғандықов, «BTS Digital» білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек, саясаттанушы Ерлан Саиров, сондай-ақ жастар белсенділері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, сарапшылар және басқа да түрлі бағыттағы мамандар қатысты. Талқылау барысында жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, жұмыспен қамту орталықтарындағы жұмыс, NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру және т. б. сұрақтар көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілуде.