ҚР АҚДМ бастамасымен ұйымдастырылған «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» атты «ZEREN» республикалық жастар білім беру жобасы аясында Online Bilim алаңы аяқталды.
Төртінші және бесінші ауысымдарға 500-ден астам адам қатысты, олар тұлғалық даму және волонтерлік қызмет бағыттары бойынша үздік спикерлерден келесі тақырыптар бойынша білім алды:

— Волонтерлік қызмет бойынша базалық курс;
— Қазақстандағы экологиялық волонтерлік;
— Еріктілердің ішкі және сыртқы мотивациясы;
— БҰҰ еріктілерін жұмылдыру;
— Еріктілік мүмкіндік ретінде: оқыту, тәжірибе, қоғамдастық, әлеуметтік лифт. Еріктілер қозғалысын қалыптастыру принциптері;
-Мақсатқа жетудің құралы ретінде қарым-қатынас өнері;
— Қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
— Vuca әлеміндегі 4D көшбасшылығы;
— Жеке өсу үшін ми ресурстарын қалай пайдалануға болады?

Қатысушылар еріктілік қызмет негіздері, сондай-ақ жеке өсу бойынша практикалық дағдылар және өз қабілеттерін талдау мүмкіндіктері туралы практикалық білім алды.