20 қарашада,
«ZEREN» республикалық жастар білім беру жобасы аясында «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖАСТАР: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» тақырыбы бойынша жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдау туралы талқылау ONLINE DIALOG алаңда өтті.
Диалог алаңына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев, ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, сондай-ақ жас кәсіпкерлер, жастар белсенділері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, сарапшылар және басқа да түрлі бағыттағы мамандар қатысты.

Диалог барысында Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелері, халықаралық кәсіпкерліктің перспективалары және өңірдегі стартаптардың дамуы талқыланды.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілуде.