9 желтоқсанда, Нұр-Сұлтанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен онлайн форматта ұйымдастырылған «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында «ZEREN» республикалық жастар білім беру жобасының жабылуы өтті.

 

Салтаннатты іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев,  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері, жастар бірлестіктерінің көшбасшылары, волонтерлер, «Болашақ» стипендиаттары, еліміздің барлық өңірлерінен колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Биыл жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 4500-ден астам жастарға өз дағдыларын, идеяларын көрсетуге және елдің танымал тұлғаларымен кездесуге, олардан кеңестер мен практикалық ұсынымдар алуға мүмкіндік берді.