blog

Қазақстандағы жастар: құндылықтарды, үміттер мен ұмтылыстарды бағалау

Бүгін Нұр-Сұлтанда «Қазақстандағы жастар: құндылықтарды, үміттер мен ұмтылыстарды бағалау» атты зерттеудің тұсаукесері өтті. 

Пленарлық сессияда жастар білім, саясат, отбасы, иммиграция және т.б. туралы өз ойларымен бөлісті. 

Қазақстан Жастар Конгресінің атынан жобалық бағдарламалардың жетекшісі Камила Амуртаева қатысты. 

Бұл зерттеу Қазақстан 1991 жылдан бері егеменді мемлекет ретінде тап болған әлеуметтік, саяси, экономикалық және демографиялық өзгерістер аясында жас азаматтардың көзқарастарын, қатынастарын, пікірлері мен өмір салтын зерттеуге бағытталған. 

Зерттеу нәтижелері «жастар» біртектес масса емес, керісінше гетерогенді ұрпақ екенін көрсетеді, олардың өкілдері жас тобына, этникалық құрамына және тұрғылықты жеріне байланысты әртүрлі көзқарастарға ие екенін айқындады. 

Зерттеуге 14 пен 29 жас аралығындағы 1000-ға жуық жас қазақстандықтар қатысты. 

Зерттеудің авторлары Фридрих Эберт атындағы қордың қолдауымен Дина Шәріпова мен Серік Бейменбетов болды. 

Бұл зерттеу Орталық Азиядағы және Ресей мен Орталық Еуропа мемлекеттері сияқты басқа елдердегі жастарға арналған үлкен жобаның бөлігі болып табылады.